Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – 12-14 наурызда синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Сондықтан республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ала бұлтты ауа райы күндізгі температурасы 0…+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20°С градус күтіледі, бұл климаттық нормадан 4…10°С градусқа жоғары. Тек республиканың батыс және қиыр солтүстігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын атмосфералық фронттардың ықпалынан кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

adimage