Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Синоптиктер Қазақстанда 7-10 наурыз аралығындағы ауа райы туралы болжам жасады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алдағы демалыс және мейрам күндері Қазақстан территориясы бойынша ауа райын тез алмасатын көктемгі атмосфералық процесстер анықтайды. Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, боран, күшті батыс желі және көктайғақ күтілуде. Ал, оңтүстік аудандардың кей жерлерінде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде болжануда. Республика бойынша ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, түнде және таңғы уақытта тұман болады», - делінген сәрсенбіде таратылған «Қазгидромет» РМК ауа райы болжамында.
Синоптиктер Қазақстанда 7-10 наурыз аралығындағы ауа райы туралы болжам жасады
