Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райының қандай болатынын айтты

Күні: 12:49, 04-03-2019.

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда синоптиктер 5-7 наурызға арналған ауа райы туралы айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алдағы үш тәулікте республиканың басым аймақтарында ауа райын бұрыңғыдай атмосфералық фронттар анықтайды, сонымен байланысты солтүстік және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қар, бұрқасын, қатты батыс желі және көктайғақ күтіледі. Қазақстанның басқа аймақтарында жылбысқы қар, оңтүстікте жаңбыр болжанады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, синоптиктер еске салғандай, наурыздың бірінші демалыстарында ауа температурасы Қазақстанның батыс және қиыр солтүстігінен басқа аймақтарда климаттық нормадан 7…13°С, батыста 1…3°С жоғары, ал максималды ауа температурасы 0°С жоғары болды.


Жаңалықтармен бөлісу: