Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде көктемгі процестердің басталуын күтуде

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде көктемгі процестердің басталуын күтуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қыс аяқталып үлгермесе де, Қазақстанда көктем өз үстемдігін орнатып жатыр. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 5...12°С жоғары болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар жауады. Циклондар мен антициклондар бір-біріне тез ауысып, синоптиктер оларды бақылауға үлгермей отыр. Ал олардың тез ауысуы - көктемгі процестердің басталуының негізгі белгісі», - делінген сәрсенбіде таратылған 27-29 ақпанға арналған ауа райы болжамында.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы суық полярлық және арктикалық фронттар үлкен жылдамдықпен өтеді, оның артынан антициклон тарайды. Содан кейін батыс облыстарға Ресейдің еуропалық бөлігінен кезекті фронттар келеді.
«Сондықтан жаңбыр және жылбысқы қар жауады, артынша күн ашылып, күн райы тез өзгереді. Ауа температурасы өте жоғары», - деді синоптиктер.

adimage