Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш тәулікке арналған ауа райы туралы айтты

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Синоптиктер Қазақстанда 2-4 ақпанға арналған ауа райы туралы айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Температураның жоғарылауын, сондай-ақ республиканың басым облыстарында қар жауу және бұрқасын тудырған оңтүстік циклоны Алтайға қарай жылжыды. Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады»,- делінген «Қазгидромет» РМК хабарында.

adimage