Синоптиктер Қазақстандағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Күні: 14:01, 22-02-2019.

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ресейдің еуропалық бөлігінде қатты қардың түсуіне себеп болған белсенді циклон Батыс Сібірге ығысады. Бірақ онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына әсер етеді. Ал, республиканың оңтүстік облыстарына Каспий оңтүстігінен фронттардың ығысуынан, жексенбі және дүйсенбі күндері жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның қалған бөліктері атмосфералық қысымның жоғары болу аймағында болатындықтан, жауын-шашынның болуы екіталай», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: