Синоптиктер қазақстандықтарды сәуірде қандай ауа райы күтетінін айтты

Күні: 18:29, 01-04-2019.

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Сәуір айы солтүстік бөлікте климаттық норма шегінде, ал оңтүстік бөлікте нормадан 1°С жоғары күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бірінші және екінші онкүндіктерде Скандинавиа аймағынан солтүстік-батыс және Ресейдің Еуропалық аумағының оңтүстігінен батыс басып кіру жиі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, соның нәтижесінде суытудың 2 толқыны болжанады. Ауа температурасының төмендеуі бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы еліміздің солтүстік және солтүстік-батыснда түнде 3...8 дейін төмендеуі, кей жерлерде 11 градус аяз, күндіз 0...5 градус, кей жерлерде 8 градус жылы болуы күтіледі, оңтүстік жартыда түнде 0...5 градус жылы, кей жерлерде 0 градус, күндіз 10...15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градус жылы күтіледі, батыста бірінші және екінші онкүндіктің басында суытады, түнде 0...5 градус аязға дейін, күндіз 5...10 градусқа дейін жылы күтіледі. Орталықта және шығыста бірінші онкүндіктің соңына және екінші онкүндіктің ортасына суыту толқыны ығысады. Ауа температурасы түнде 3...8 градусқа дейін, кей жерлерде 11 градус аязға дейін, күндіз 5...10 градус жылыға дейін төмендейді.
Ауа температурасының төмендеу аралығы жылу толқынымен ауысатын болады. Жеке күндері бірінші және үшінші онкүндіктердің басында ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста 8...13 градусқа дейін көтерілетін болады, кей жерлерде 18 градус жылы, еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде 20...25 градусқа дейін, кей жерлерде 15 градус жылы, үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде ауа 30 градусқа дейін жылынады.
Сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, республикамыздың оңтүстік-батыс бөлігінде және орталықтың кей жерлерінде нормадан аз, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде нормадан жоғары болжанады.


Жаңалықтармен бөлісу: