Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында сенбді күні күшті жел тұрады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 27 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 27 қазанда тәулік бойы Қостанай облысының солтүстік-батысынан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
«27 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Астана қ.: күндіз 27 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95% деп болжауда.
Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында сенбі күні күшті жел тұрады деп болжауда
