Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ - Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан билігіне Астана форматындағы Сирия бойынша 14 халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтанда өткізгені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Астана форматындағы Сирия бойынша келесі халықаралық кездесуді 2020 жылдың наурызында Нұр-Сұлтанда өткізу туралы шешім қабылдады», - делінген сәрсенбідегі ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) сайтында жарияланған Астана форматында өткен Сирия жөнінде халықаралық кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде.
Сирия бойынша келіссөздердің XIV раунды Нұр-Сұлтанда 10-11 желтоқсанда өтті.
Еске салсақ, Сириядағы шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздер Нұр-Сұлтанда 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.
Сирия бойынша келіссөздердің XIII раунды Нұр-Сұлтанда 1-2 тамызда өткен еді. Келіссөздерге кепілгер-елдер (Ресей, Иран, Түркия) делегациялары, Сирия үкіметі мен сириялық қарулы оппозиция қатысты. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания өкілдері, сондай-ақ астаналық келіссөз процесіне алғаш қатысқан Ливан мен Ирак өкілдері де шақыртылды.

adimage