Сирияда Қазақстанға оралу үшін өз отандастары мен баланы өлтірген үш қазақстандық өлтірілді

Күні: 19:00, 26-10-2018.

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Сирияда Қазақстанға оралу үшін өз атандастары мен баланы өлтірген үш қазақстандық өлтірілді, деп хабарлады aktobetimes.kz.
«Редакцияның мекенжайына Сириядан әйелдер мен балаларды еліне қайтару мәселесімен айналысатын Солтүстік Кавказ әйелдерінің қоғамдық ұйымының чаттарының бірінен ақпар келіп түсті. Онда алты қазақстандықтың Сириядан құпия түрде қашып шығып, Түркия арқылы елге оралғылары келгені айтылады. Бірақ ақшаның жоқтығына және шарасыздақтан олардың үшеуі өздерінің отандастарын өлтірген, тіпті жеті жасар баланы да аямаған», - делінген жұмадағы хабарда.  
Олар жинаған ақшаны алып, әйелдер «Халифаттан» қашпақ болған. Алайда оларды ДАИШ содырлары ұстап алып, шариғат сотына берген.  
«Солтүстік Кавказ әйелдерінің қоғамдық ұйымының чатында өз өмірлері үшін күресте қатыгездікпен адам өлтірген және сол үшін Сирияда өздері де өлтірілген әйелдердің аттары да көрсетілген. Бұлар Ақтөбеден келген жас қыздар – Гулбану (діни есімі УммМариям), Дарина (УммМуса) және тараздық Салтанат(УммАтика)», - делінген хабарда.  
Дерек көздерінің ақпарынша,  Сирияға кеткен қазақстандықтың саны 800 адамнан асады. 2018 жылдың шілдесіндегі ақпар бойынша  120 ер адам, 250-ден астамы әйелдер және 500-і кәмелетке толмағандар.  


Жаңалықтармен бөлісу: