Сириядағы ИМ кепілге алған 700 адамның ішінде АҚШ пен Еуропа азаматтары да бар – Путин

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – РФ президенті Владимир Путиннің ақпарынша, Сирияда лаңкестер ұстап отырған 700 адамның арасында АҚШ пен Еуропа азаматары да бар, деп хабарлады ТАСС.  
«Бізде президент (РФ Владимир) Путин айтқандай, соншалқты адамның кепілге алынғандығы туралы ақпар жоқ, біз ондай мәліметтерге мұқият қараймыз», - деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі  Шон Робертсон.
Бейсенбіде В.Путин Сирияда әлі күнге дейін көптеген проблемалардың сақталып отырғанын мәлімдеді.  Мысал ретінде ол Евфраттың оңтүстігіндегі жағдайды келтірді.  
«Бұл аумақ біздің америкалық әріптестердің патронатында тұр, олар күрдтік қарулы құрылымдарды бақылап отыр. бірақ олар нақты бажайламаған – ол жақта бірнеше елді мекенде ИГИЛ өкілдері қалып қойған.  Және олар соңғы кездері өз аймақтарын үлкейтіп жатқанға ұқсайды, ол жақтағы 130 отбасыны басып алған, бұл дегеніңіз 700-дей адам, соншасын кепілге алған», - деді президент.
В.Путин содырлардың шарт қойып отырғанын және өз талаптары мен ескертулерін де жасағанын айтты, егер сол талаптары орындалмаған жағдайда күн сайын 10 адамнан атып тастайтындарын айтқан.  
«Оның алдыңғы күні 10 адамды атып тастады, олар өз айтқандарын орындай бастады. менің ойымша бұл дегініңіз масқара, апат», - деп мәлімдеді РФ президенті.  
Ол атап өткендей, Ресей ақпарынша, кепілге алынғандар арасында АҚШ пен Еуропа елдерінің азаматтары бар.  

adimage