Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. «СК-Фармация» басқармасы төрағасының жалақысы Т750 мыңнан басталады, деп мәлімдеді компания басқармасының жақында тағайындалған төрағасы Ерхат Ысқалиев.
«Менің жалақыма келсек, бізде менің деңгейімдегі жалақы Т750 мыңнан басталады», - деді Ысқалиев жұма күні халықты КВИ қарсы дәрі-дәрмекпен қамту, сапасы, баға өзгерісі туралы онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, оның компанияда жұмыс жасағанына бір айдан аз уақыт болғандықтан, жалақысы компанияның алдағы кеңесінде нақты бекітіледі екен.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07