Өскемен автобустары электронды билетке 2020 жылы толығымен көшуге уәде беруде

Күні: 13:08, 30-10-2019.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Өскемен автобустарын электронды билетке 2020 жылы толығымен көшіру жоспарлануда, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығынан.
«Ағымдағы жылдың қазан айының басында Өскеменде қалалық жолаушылар тасымалын диспетчерлеудің арнайы ақпараттық жүйесін құра отырып, облыс орталығында қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қосу және енгізу бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік шартына қол қойылды. (…) Жобаны 2020 жылы толығымен жүзеге асыру жоспарлануда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, енгізілгелі отырған жүйе Өскемендегі барлық 57 қоғамдық көлік бағытын қамтитын болады, оның ішінде трамвайларды да.
«Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына нақты уақыт режимінде көлік қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асырудың арқасында маршруттық көлік құралдары қозғалысының тұрақтылығы артады, диспетчердің жүргізушімен жедел байланысы пайда болады, түрлі тарифтік жоспар қолданылады, жолаушыларға қызмет көрсету сапасының деңгейі артады», - деді ШҚО ақпарат орталығынан.


Жаңалықтармен бөлісу: