Өскеменде 15 жасар қыз баланы өлтіріп кетті

Өскемен. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Өскеменде 15 жасар қыз баланы өлтіріп кетті,  деді Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінен.  
«Кеше сағат 21.00-де полицияға пәтерлердің бірінде зорлықпен өлтірілген жас қыздың денесі табылды.  Біздің қызметкерлер оқиға орнына барды. Өкінішке орай, дерек расталды. 2003 жылы туылған қыздың денесі табылды», - деп хабарлады ШҚО ІІД хабарында.
Баспасөз қызметінің ақпарынша,  жасөспірімнің өліміне күдікті ұсталды. Ол 18 жасар жас жігіт, ол қазір тергеу изоляторына тоғытылды.  
«Қазіргі таңда «адам өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деп хабарлады ШҚО ІІД-нен.
Сонымен қатар белгілі болғандай, қыз бала жергілікті колледж студенті, ал ұсталған бала Өскемен тұрғыны.  

adimage