«Шығыс Қазақстанда 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді.
Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымды "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады»,- деп хабарлайды полиция департаменті.
Тыйым салынған тауарлар Өскемендегі екі сауда үйінде кальян дүкендерінен жасырын сатылғаны анықталды. Бірінші дүкенді тінту кезінде жедел уәкілдер 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптер мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық тапқан.
Екінші дүкеннен тәртіп сақшылары 115 электронды темекі тәркілеген. Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке дейін қамауға алынады.
Фото көзі: Пресс-служба МВД РК