Өскеменде қаңғыбас иттер мен мысықтарды атуға 2019 жылы Т11 млн бөлінді

Өскемен. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Өскеменде қаңғыбас иттер мен мысықтарды атуға 2019 жылы Т11 млн бөлінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазіргі таңда Т11 млн соманың Т9 млн. сомасы игерілді. 1682 ит пен 115 мысық ауланып, жойылды», - деп мәлімдеді сәрсенбіде Өскемен қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Серікхан Күдебаев.
Оның айтуынша, жануарлады залалсыздандыруға қосымша тағы Т2 млн бөлінген.
Өскемен әкімі Жақсылық Омар егер бұл мақсатқа қосымша қаржы керек болатын болса қала бюджетінен қаржының бөлінетінін атап өтті.
«Иесіз иттер балаға, үлкен адамға шабуылдауы, оларға құтырма ауруын жұқтыруы мүмкін. Егер қажеттілік болса, қаңғыбас жануарларды құртуға тағы қаржы бөлінетін болады», - деп мәлімдеді әкім.

adimage