Өскеменде ірі кәсіпорын аумағында бірнеше вагон рельстен шығып кетті

Күні: 12:00, 09-11-2018.

Өскемен. 9 қараша.   ҚазТАГ – Өскеменде «Казцинк» ЖШС аумағында бірнеше вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс басқармасының баспасөз қызметінен.  
«Кешкісін 8 қарашада Өскеменнің металлургиялық кешен аумағында темір жол вагондарының орнын алмастыру кезінде олардың рельстен шығып кетуі тіркелді, соның салдарынан цехтар арасындағы коммуникациялық галереяда ақау туындады», - деп хабарлады «Казцинк» ЖШС қоғаммен байланыс басқармасының баспасөз қызметінен.  
Басқармада нақтылағандай, аталмыш жағдай барысында зардап шеккендер жоқ. Өндіріс жұмысы жалғасты, зақым келген коммуникациялар қайта қалпына келтірілуде.  
«Аталмыш жағдай қоршаған ортаға ешқандай ықпалын тигізбейді», - деді кәсіпорыннан.  
  


Жаңалықтармен бөлісу: