Өскеменде көп қабатты үйдің жеделсаты шахтасынан шыққан өрт бес қабатты шарпыды

Күні: 10:51, 19-06-2019.

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Өскеменде көп қабатты үйдің жеделсаты шахтасынан шыққан өрт бес қабатты шарпыды, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Өскеменде 18 маусымда сағат 21.45-те «101» тетігіне Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенде сағат 21.51-де үшінші қабаттан сегізінші қабат аралығындағы кабельдік шахтада электр тоқтары өртеніп жатқан», - деп хабарлады сәрсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, өрт сөндірушілердің алғашқы әрекеттерімен 26 тұрғын эвакуацияланған, соның ішінде сегіз бала бар, сонымен қатар тағы алты адам құтқарылған, оның біреуі - бала.
«Бұл ретте екеуін оныншы қабаттан автосатымен, қалғанын баспалдақты маршпен құтқарған», - деп хабарлады ТЖК-ден.
Өрт сағат 22.19-да ауыздықталып, 22.26-да толық сөндірілген.
«Өртенген кабельдердің ұзындығы 16 м құрады. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 19 адамы мен алты бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді Нұрахметов.


Жаңалықтармен бөлісу: