Өскеменде кәсіпорын аумағында ірі өрт шықты

Өскемен. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Өскеменде кәсіпорын аумағында ірі өрт шықты, деп хабарлады YK-news.kz.
«Жұмыс жасамайтын ЖШС аумағындағы ғимараттың бірі өртенді. Өртті сөндіруге 10 бірлік техника жұмылдырылды. Аумақтың қатты түтіндеуі жағдайды қиындатып жіберген. Өрт шарпыған жалпы аумақ 105 ш. м құрады», - деді сейсенбіде ӨТЖ баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, қызыл жалын Деповский көшесінде 21 қыркүйек күні кешкісін шыққан.
Мамандар оның шығуына екі жағдай себеп болуы мүмкін дейді – әдейі өрт қою және өрт қауіпсіздігін сақтамау.

adimage