Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Өскеменде қоғамдық кеңесте жүздеген отбасыны саяжайлардан көшіру ұсынылды, деп хабарлады YK-news.kz.
«Саяжайларда желілік дәліздер, өртке қарсы алшақтық жоқ, санитарлық және басқа да нормалар ескерілмеген. Ол жаққа ешқандай жедел-жәрдем көлігі бара алмайды. Бір көшеде гүлдер өртенсе - бәрі өртенеді. Ойлану керек. Мүмкін оларды көшіріп, үйлер салу керек шығар», - деп мәлімдеді дүйсенбіде 2050 жылға дейінгі Өскеменнің стратегиялық дамуын талқылауға арналған жиында ҚК мүшесі Юрий Кудинов.
Хабарда атап өтілгендей, саяжайларда жыл бойы жүздеген адам тұрып жатыр. әсіресе Понтон көпірі, Прохладный және әуежай аудандарындағы саяжай шаруашылықтарында халық көп қоныстанған.
«Бұл ретте аталмыш стратегияда хабарланғандай, Өскеменде мембаспана кезегінде 9 мыңнан астам адам тұр. Бұдан басқа халықты санитарлық-қорғаныс аймағынан (кәсіпорын маңы) көшіру мәселесі де шешілмеген. Ол үшін шамамен 5282 пәтер керек», - делінген хабарда.
Өскеменде ҚК-те жүздеген отбасыны саяжайлардан көшіру ұсынылды
