Өскеменде көтергіш кран құлады

Өскемен. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Өскеменде көтергіш кран құлады, аталмыш дерек бойынша қазіргі таңда ешқандай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ, деп хабарлады ШҚО ІІЛ баспасөз қызметі басшысының м.а. Әйгерім Нұрғазина.
«Шындығында, кеше кешкісін Өскеменде – Красин к. 11 мекенжайында құрылыс краны құлады. Біздің қызметкерлер оқиға орнына барды, алайда аталмыш дерек бойынша ШҚО ІІД-не немесе 102-ге ешқандай қоңырау келіп түспеген.  Зардап шеккендер және қаза тапқандар туралы еш ақпар жоқ», - деді Ә.Нұрғазина сейсенбіде.
Ол атап өткендей, ШҚО ТЖД және Өскеменнің ТЖБ-не де аталмыш дерек бойынша еш ақпар түспеген.  
«Нақты айтайын, қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ешқандай қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ. Аталмыш оқиғаның орын алуына қауіпсіздік техникасының сақталмауы себеп болуы мүмкін, кранда зат шамадан тыс болған», - деді Ә. Нұрғазина.

adimage