Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Өскеменде Карл Маркс даңғылының атауы Қазыбек би болып өзгертілді, деп хабарлады YK-news.kz.
«Ертең Өскеменде Қазыбек би деп жаңадан аталған даңғылдың салтанатты ашылуы өтеді», - делінген сәрсенбіде қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарында.
Еске салсақ, былтыр Өскемен әкімдігіне облыстық сот төрағасынан, Ардагерлер кеңесінен, Ақсақалдар кеңесінен Қазыбек бидің 350 жылдығына орай даңғылға жаңа атау беру туралы ұсыныс келіп түсті.
2018 жылдың 2 наурызында республикалық ономастикалық комиссия атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдаған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Асыловты қабылдады
17 Ақпан 2025, 15:47 -
Нұрымбет Сақтағанов ШҚО әкімі болып тағайындалды
17 Ақпан 2025, 15:38 -
Астанада балабақша ғимаратына Т2 млрд-қа жуық жұмсамақ
17 Ақпан 2025, 14:58 -
Дәурен Ерғарин ҚР ПӘ құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
17 Ақпан 2025, 11:48