Өскеменде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш стела орнатылады

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Өскеменде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш стела орнатылады, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.  
«ШҚО ТЖ департаменті Өскемен қаласының тұрғындарын, әсіресе Стрелка ауданы маңында тұратындарға ескерту жасап жатыр. Ертең, 18 қазанда, сағат 11.00-12.00 аралығында ШҚО ТЖД аумағында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқандарға арналған ескерткіштің ашылу құрметіне отшашу дүркірете атылатын болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда түсіндірілгендей, кәсіби мереке -  ТЖ қызметінің құрылған күні қарсаңында департамент аумағында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқандарға, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш стеланың салтанатты түрде ашылуы өтеді.  
Бірнеше ондаған жылда Шығыс Қазақстан горнизонына аз шығын келген жоқ. 6 адам қаза болды: 4 өрт сөндіруші мен 2 құтқарушы.   Валерий Белоножко, Рахымгали Икенов, Сергей Белякин, Алмас Мусаканов, Елдос Нурпеисов, Владимир Синельников.
«Және бүгінде олардың ерлігі – ерліктің, ержүректіліктің, батырлықтың, құрбандықтың жарқын мысалы. Олардың есімдері ескерткішке ойылып жазылған», - делінген хабарда.  

adimage