Өскемен. 3 ақпан. ҚазТАГ – Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті, деп хабарлады Noks.kz.
«Бүгін ертеңгісін қаладағы рельстік көлік қозғалысы тоқтатылды. Белгілі болғандай, оған себеп трамвайлардың бірі рельстен шығып кеткен», - делінген жұмадағы хабарда.
Жағдай ссағат 8.30-да орын алған.
«Абай даңғылының Михаэлис көшесімен қиылысында механикалық ақау салдарынан трамвай рельстен шығып кеткен. Қазір оны алып тастаймыз, сосын қозғалыс қайта қалпына келтіріледі», - деп мәлім етті «Транспорттық компания» ЖШС директоры Михаил Чайка.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51