Өскеменде жеңіл көлік «зебрада» қасында 10 жасар ұлы бар әйелді қаққан

Күні: 15:43, 15-04-2019.

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Өскеменде жеңіл көлік «зебрада» қасында 10 жасар ұлы бар әйелді қаққан, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Жеңіл көліктің 21 жасар жүргізуші Гагарин Бульварымен Назарбаев даңғылына қарай жүріп бара жатып, қасында 10 жасар ұлы бар 36 жасар әйел адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген», - деп хабарлады дүйсенбіде ПД-нен.
Полицейлер хабарлағандай, Toyota Camry Gracia көлігінің қатысуымен орын алған ЖКО 14 сәуірде сағат 21.00-де жаяу жүргіншілер жолағында орын алған.
«Аталмыш ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: