Өскеменде жетімдерге бөлінген пәтерлерде шенеуніктер тұрып жатыр

Өскемен. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Өскеменде жетімдерге бөлінген пәтерлерде шенеуніктер заңсыз тұрып жатыр, деп хабарлады «Евразия» бірінші арнасы».
«Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған пәтерлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатыр. Шенеуніктердің заңсыз орналасқаны туралы Өскемендегі қоғамшылдар біліп қалған. Және бұл қаладағы бір ғана жағдай емес», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жетімдер тұрғын үйге қатысты бірнеше мәрте шағымданып та жүр, олар тіпті арнайы комиссия құрамына кіруге де қол жеткізген.
«Тұрғын үй қатынастары қызметкерлерімен, полицейлермен және ПИК өкілдерімен бірге олар 102 пәтерді тексеріп, бірқатар бұзушылықтарды анықтаған», - делінген хабарда.
Белгілі болғандай, жетімдерге арналған 15 пәтер жарты жылдан астам уақыт бойы бос тұр екен, 10—ы үш адамға берілген, ал екеуі «қағаз» жүзінде кәмелетке толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне берілген, бірақ шын мәнісінде онда мүлде басқа адамдар тұрып жатыр.
«Пәтерлердің бірінде мемқызмет қызметкері тұрып жатыр, яғни бала балалар үйінде, себебі ол әлі кәмелет жасына толмаған, сондықтан ол жерде үшінші адам тұрып жатыр. Тағы да жалдау шарты бұзылып отыр. Қала әкімі кездесуге шықпайды. Егер біз барлығымыз барсақ, ол бізді қабылдайды, мәселені шешуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деді балалар үйінің түлегі Александра Талхигова.

adimage