Өскеменде жолаушылар автобусы аялдамада жолдан шығып кеткен

Өскемен. 11 қазан. ҚазТАГ - Өскеменде жолаушылар автобусы аялдамада жолдан шығып кеткен, деп хабарлады қаладағы полиция басқармасының (ПБ) жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.
«Оқиға бүгін ертеңгісін болды. Сағат 07.40-та №25А жолаушылар автобусы аялдамаға соққан. ЖКО орын алуына сол жақтағы алдыңғы дөңгелек ақауы себеп болған», - деді Коваленко жұма күні.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ЖКО кезінде аялдамада адамдар болмаған, сондықтан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар белгілі болғандай, авобустағы жолаушылар да зардап шекпеген.
Айта кетелік, кеше кешкісін Өскеменде жолаушылар көлігінің қатысуымен ЖКО орын алды. Nissan көлігінің жүргізушісі трамвайға жол бермей, оған соққан. ЖКО-да ешкім зардап шекпеген, жол апаты дерегі бойынша ҚР ӘКК 610 бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.

adimage