Өскемендегі букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуывл жасалған

Күні: 12:15, 03-09-2019.

Өскемен. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Өскемендегі букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«2 қыркүйек күні сағат 04.36-да Өскемен ПБ жедел арнасына букмекерлік кеңсенің 38-жастағы кассирінен екі белгісіз тұлға букмекерлік кеңседе қарақшылық жасағандығы туралы хабарлама түсті», - деп хабарлады сейсенбіде ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Полицейлердің анықтауы бойынша, Өскемен ПБ жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу аттанды.
«Топ шамамен 04.30 шамасында Қабанбай батыр көшесіндегі тұрған букмекерлік кеңсеге беттеріне маскалары  және күләпара киген белгісіз екі адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан Т484,500 көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткен », - деп хабарлады ШҚО-ның баспасөз қызметі.
Полиция сонымен бірге қарақшылар әлі ұсталмағанын, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.


Жаңалықтармен бөлісу: