Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Әскери теңізшілер «Батыс – 2018» оқу-жаттығуы шеңберінде Каспий теңізінде жауынгерлік оқ атуларды орындауда, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
««Батыс – 2018» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Қазақстанның әскери теңізшілері теңіз жағасы бағытында әскерлердің құрлықтық топтамасына жәрдемдесу және теңізден соғатын соққыдан қорғау жөнінде жауынгерлік іс-қимылдардың жүргізілуін іс жүзінде пысықтауда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Оқу-жаттығу барысында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы «Қазақстан», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері мен «Жайық» гидрографиялық кемесі құрамында корабльдердің маневрлеу элементтерін пысықтап және шартты қарсыластың теңіз, әуе және жағалық мақсаттары бойынша жауынгерлік оқ атуларды орындай отырып, өздерінің арналымдары бойынша жауынгерлік іс-қимылдардың жүргізілуін пысықтайды.
Алғаш рет жағалық мақсаттар бойынша корабльді қарудың барлық түрлерінен жауынгерлік оқ атулардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы пысықталды.
«Батыс» оқу-жаттығуы корабльдердің экипаждарына практикалық машықты игеріп, Әскери-теңіз күштері жүзу құрамының теңіз және жауынгерлік дағдыларының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-дәрежелі капитан С.М. Бекжанов.
Әскери теңізшілер «Батыс – 2018» оқу-жаттығуы шеңберінде Каспий теңізінде жауынгерлік оқ атуларды орындауда
