Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысындағы әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы Қазақстан бас прокуратурасының қадағалауымен тексеріледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгінгі таңда бас әскери прокуратура қылмыстық істі қозғау және тексеруге бақылау жүргізуде. Түрлі сараптамалар, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның барлығы дерлік Қазақстан бас прокуратурасының бақылауында. Тексеру амалдары «ұшу ережесінің бұзылуы» бабы бойынша жүргізілуде», - деді бейсенбіі күні бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.
Еске салсақ, бұған дейін белгілі болғандай, сағат 17.35-те «112» тетігіне Қызылорда облысы Жалағаш ауданында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар келіп түскен. Тікұшақ белгісіз жағдайларға байланысты құлап, толығымен жанып кеткен. Тікұшақ бортында 13 экипаж мүшесі болған, олардың барлығының қайтыс болғаны жеткізілді.
Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Ведомствода атап өткендей, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жағдайға президент Қасым-Жомарт Тоқаев түсінік берді. Ол марқұмдардың туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді.
Әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы Қазақстан бас прокуратурасының қадағалауымен тексеріледі
