Әскерилер Қазақстанның қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінен ұшқышсыз ұшақ аппаратының ұшуының алдын алды

Күні: 09:47, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Әскерилер Қазақстанның қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінен ұшқышсыз ұшақ аппаратының (БПЛА) заңсыз ұшуының алдын алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«2 маусым күні кезекші бөлімше сарбаздары ҚР Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінен рұқсатсыз ұшып жүрген ұшқышсыз аппаратты (квадропоптер) байқап қалып, оны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Квадрокоптер мен оның рұқсатсыз ұшырылуына қатысты материалдар істің мән-жайын анықтау үшін Есіл ауданының полиция басқармасына жолданды. Ұшқышсыз аппараттың иесі анықталды, қазіргі таңда онымен құқық қорғау органдарының өкілдері тиісті жұмыстар жүргізуде», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомствода еске салғандай, қорғаныс министрлігі азаматтарға ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың әскери нысандардың үстінен рұқсатсыз ұшырылуына тыйым салынғандығын және мұндай әрекет ҚР «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі мен авиация қызметі туралы» Заңының 31 және 33 баптарын бұзу болып табылатындығы туралы бірнеше мәрте ескерту жасаған.
«Заңның аталған нормалары мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 563 бабын «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу» бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде, ал лауазым иелеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - делінген хабарда.

1 АЕК = Т2525.


Жаңалықтармен бөлісу: