Слям Ахметов: бұл дағдарыс қазақстандық экономика үшін тарихтағы ең ұзағы болмақ

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Сарапшылар дабыл қағуда: 2008-2009 жылдардағы қаржылық құбылулардан кейін кезекті, бірақ барынша ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс туды. Шикізаттық қазақстандық экономика үшін ол алдыңғысына қарағанда барынша ауырлау тиіп, үкімет пен Ұлттық банктің экономикалық жетістіктерінің нағыз бағасын көрсетті.
Шикізаттық экономиканың әлсіздігі неде? Үкімет жұмысының жетістіктері мен халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіші ретінде ЖІӨ қандай кемшіліктері бар? Бүгінде сатылып жатқан табиғи ресурстар болашақ ұрпаққа қалай әсер етеді? Ағымдағы дағдарыстың қаупі неде? Тұрақты экономиканы қалыптастыруда билік қандай есептен жаңылды? Алдымен қандай шаралар қабылдау керек? Осы және басқа сұрақтарға экономика ғылымдарының кандидаты Слям Ахметов жауап береді.

- Слям Сапарғалиұлы, қазақстандық экономика мен валюта нарығындағы дағдарыс құбылыстары, әсіресе былтырғы, 2008-2009 жылдарды еске түсірді. Сол жылдары және қазір қазақстандық экономиканың дағдарысқа тап болуына не себеп?

- Қазақстан экономикасы бұрынғы және бүгінгі дағдарысқа ұзақ уақыттан бері келе жатқан еді, ал мұнайдың жоғары бағасы шикізаттық және әлсіз экономиканы жаба отырып, оны тек кідіртіп тұрды. Және қазір мұнай бағасының кезекті құлауы мөлдір шымылдықты ысырып тастау секілді ғана.
Тәуелсіздіктің осы жылдары ішінде үкіметке де, Ұлттық банкке де, комбанктерге де бәсекеге қабілетті өндірісі жоғары салалардан оның өзегін жасау және нығайту жағына қарай экономика құрылысын өзгерту мүмкін болмады, бірақ және, керісінше, шенеуніктер шикізаттық тіректің шектен тыс кеңейуін жіберіп алды, ал ол өз кезегінде экономиканы оған тәуелді етіп тастады. Сондықтан, үнемі экономиканың үстінде тұрған мұнай бағасының төмендеуі жүргізіліп отырған экономикалық саясат аясында негізгі фактор болуы да логикаға саяды.

- Ал мұнайды өндіру мен сату саясаты экономиканы қаржыландыру көзіне қаншалықты әсер етуі мүмкін?

- Мұнай шикізатының сатылуы басым болатын үкімет пен Ұлттық банк күші арқылы құрылған экономика типі өзінің дамуының басты көзі ретінде кәсіпорынның өзіндік ақшасы мен бюджет қаржысын анықтады. Осы екі көз барлық капитал салымдарының 80% -дайын құрап отыр.
Бірақ негізгі капиталға инвестицияны қаржыландыру көзінің осындай құрылымы бойынша экономикада ресурстардың нарықтық бөлінісі орын алды деп айтуға болмас, себебі олардағы қаржылық институттар мен олардың қаржысының мәні өте төмен.

-Қаржыландырудың осындай құрылымы Қазақстандағы нарықтық экономиканың негізінің қалыптасуында қалай көрініс тапты?

- Әрине, экономиканың қаржылық инъекциясындағы банктік институттардың қуатсыздығы оның нарықтық негізінің логикалық түрде әлсіздігіне алып келеді. Мәселен, егер маңызды жеке компаниялар шенеуніктермен бүркемелі түрде үлестес десек, онда негізгі капиталға инвестицияны қаржыландырып отырған осы екі үстемдік жасап отырған көзі солардың қолында болып шығады. Сәйкесінше, түп негізінде қаржыландырудың мұндай құрылымы шенеуніктердің билігінде жатыр, яғни, бұл нарықтың субституты. Әлбетте, мұндай эрзац-капитализм ішкі, нағыз жарыса алатын нарықтық қабілеттерге ие бола алмайды. Нәтижесінде ол бәсекелестік құндылықтар жасай алмайды және экономикадағы ақшаны да арттырмайды. Қазақстандық экспорт құрылымына қараңызшы: онда жоғары қосымша құны бар бәсекелестік өнім мүлде жоқ, ал ЖІӨ-дегі инновациялық өнім үлесі тек 1,5% ғана құрайды.
Сондықтан экономиканың мұндай үлгісі дағдарысқа тұрақсыз және үнемі Ұлттық қор мен БЗЖҚ-ның мемлекеттің көмегіне немесе сыртқы қарыздың өсуі есебінен қаржыландыруға зәру. Бірақ бұл қорларда жиналған қаржының да шегі барын ұмытпау керек, себебі олардың да аяқталатын қасиеті бар.

- Алайда ірі шенеуніктерден бізде шикізаттық экономика болса ше, одан ұялудың керегі жоқ дегенді естиміз. Сіз де солай ойлайсыз ба? Және бүгінгі экономиканың дағдарыстық жағдайына алып келетін дамудың шикізаттық үлгісінің қандай ішкі қателіктерін байқайсыз?

- Шикізаттық экономиканың әлсіздігін сөз еткенде, келесі сәттерге назар аудару керек. Егер шикізаттық емес салалардың бәсекелестігін арттыру бойынша Орталық банк пен мұнай қорының мақсатымен байланысты қатаң бюджеттік ереже жұмыс жасамаса, онда ол ренталық экономикаға сүйенетін тұтынушылық белгілерді өзіне қабылдайды. Ақырында – тегін қомақты мұнай кірістері мемшығындардың артуына алып келеді. Одан басқа, үлестіргіш-шикізаттық үлгінің өзі басты нарықтық қозғалтқышының сапалық өсімінің дамуына мүмкіндік бермей, экономиканың жасампаз өсімін құртып жіберуге қабілетті. Сондықтан қазақстандық қор нарығының дамымауы, экономикадағы комбанктер рөлінің төмендігі – ол оның шикізаттық үлгісінің теріс салдары. Қараңызшы – ЖІӨ-ге шаққанда экономикадағы несие үлесі тіпті 35%-ға же жетпейді.

- Алайда, шикізаттық экономиканың дағдарыс жағдайындағы секілді, өсу кезіндегі де барлық кемшілігіне қарамастан, үкіметтің басты мақсаты бағыты ЖІӨ-ні арттыру болып қала береді. Осы көрсеткішке барынша толығырақ тоқталсақ. Қазақстанның ЖІӨ қалыптастырудағы шикізат саласының үлесі қандай?

- ЖІӨ көлемі мен өсімі, экспорттың артуы мен оның көлемі, сондай-ақ импорт бойынша бар ресми мәліметтерден шикізат саласының үлесін анықтауға болады. Сонымен, сараптамалық ақпар бойынша, соның ішінде шетелдік, тек шикізат саласына ғана ЖІӨ-нің 30% тиесілі, бюджеттік кірістің үштен бір бөлігінен жартысына және экспорттың 80% астамына дейін. Бірақ бұл тұрғыда жария етілген үкіметтік мәліметтер жоқ. Алайда ресми статистикамен жұмыс жасағанда біз Уинстон Черчиллдің «ол өзі ғана боямалаған статитискаға сенеді» деген нақыл сөзін ұмытпауымыз керек.

- Өз мақалаларыңызда, банк жүйесінің дағдарысы туралы айта келе, Сіз жылжымайтын мүлік нарығындағы бос көпіршіктердің қомақты теріс рөл ойнағанын, соның ішінде үкімет пен ұлттық банк тарапынан теріс факторларды жою бойынша уақытында шаралардың қабылданбағанын атап өттіңіз. Жылжымайтын мүлік нарығында жарылған бос көпіршік Қазақстан ЖІӨ-ге қаншалықты сер етті?

- Бұл өте терең мәселе. Шындығында мұнай бағасының өсімі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың қатты өсуі түрінде бос көпіршіктердің қарқынды түрде пайда болуына алып келді. Дағдарысқа дейінгі кезеңде тұрғын үй бағасының қандай қарқынмен өскенін еске түсірсек жеткілікті.
Әлбетте, нарықтағы осындай баға тұрғысынан орын алып жатқан ауытқулар жағдайында ЖІӨ-ді өлшеу экономикада болып жатқан құбылысты нақты суреттей алмады. Оның үстіне үкімет те, Ұлттық банк те, қаржылық нарықты реттеу жөніндегі сол кездегі жекелеген агенттік те жылжымайтын мүлік пен банктік несие нарығындағы көпіршіктердің үрілуінің алдын алатындай ешқандай шара қабылдамады. Ал нақ солар мұнай бағасының құлдырауы барысында 2008-2009 жылдары жарылып, банктерді де, құрылыс және басқ компанияларды да дағдарысқа ұшыратты.
Сөз жоқ, нарықтағы бағаның осындай көпіршік түріндегі өсімі тұрғын үй мен жалпы жылжымайтын мүлік бағасының көтерілуіне, ары қарай инвестиция бағасының, жұмыс, қызмет құнының шарықтауына алып келді, ал олар болса ЖІӨ көлеміне тікелей әсер етті. Ақырында, бағалық ісінулер бизнестің де, комбанктердің де томпайған көбік кіріс табуына алып келді. Әлбетте, үрілген нарық пен ондағы асыра сілтенген бағалар шындықты бұрмалады, сәйкесінше, ЖІӨ көрсеткіші түріндегі қолданыстағы жетістік өлшемін де.

- Ал сіздің бағалауыңызша, Қазақстанда қалыптасқан шикізаттық экономика елдің болашақ ұрпағының бәсекелестік мүмкіндіктеріне әсер ете ме?

- Бұл үлкен және өте маңызды мәселе. Алайда сараптамалық мәліметтерге қарасақ, келесідей қорытынды шығады - ЖІӨ-нің үштен бірі мен мембюджеттің кірістік бөлігінің жартысына дейін, сондай-ақ шикізат экспортының 80%-дан астамы «семіз жылдары» үкіметтің арқасында қамтамасыз етілді, яғни болашақ ұрпаққа қарыздану есебінен. Одан басқа, мұның барлығына табиғи ресурстарды тауысу мен қоршаған ортаны нашарлату есебінен қол жеткізілді, бұл да болашақ ұрпаққа қарыздану. Соның салдарынан ол кедейленіп, әрине, барынша бәсекеге қабылетсіз болады. Бірақ ең бастысы, осының барлығын бүгінгі ЖІӨ индикаторы көрсетпейді. Сондықтан осы көрсеткіштің қолданыстағы өлшеу әдістемесі жетілдірілмеген, әсіресе шикізат экономикасына қарай.

- Ал сонда мұнай мен шикізатты өндіру мен сатуды тек өз-өзін өтейтін факторға ғана емес, экономиканың ары қарай сапалы даму факторына айналдыруға болады?

- Шикізат ресурстарын өндірудің өзі елді кедейлендіре түсетіні түсінікті, себебі мұнай, газ және басқа да бағалы шикізат түрлерін жерден алып, сатқаннан кейін, олардың орнын толтыру мүмкін емес.
Әлбетте, табиғи ресурстарды сату басымдықтың мықты факторына және болашақ ұрпақ үшін негізгі экономикалық іргетасқа айналғанда – бұл мұнай долларының басқа салаларға тиімді жұмсалуы. Мәселен, білім беруге, денсаулық сақтауға, адами капиталға, шикізат емес салаларға.
Осындай инвестициялар нәтижесінде елдің білім, ғылым, медицина, адами капиталы жоғары, экспорттық түсімнің үлкен көлемін тудыратын бәсекеге қабілетті шикізаттық экономкиасы болуы керек т.б. Және, әрине, егер осының бәрі жасалып, қол жеткізілсе, ол елдің бай және тұрақты төлем балансын, жоғары бағаланатын ұлттық валютаны, дамыған экономиканы және халықтың лайықты, жоғары өмір сүру деңгейін көрсетеді. Және ең бастысы - болашақ ұрпақ өндіріп алынған және сатылған табиғи қордың «орнына» мұраға жоғары дамыған, жоғары деңгейдегі адами капиталы бар мықты экономикаға ие болады.

- Ертегідегі сияқты екен. Бірақ мұның бәрі жоқ қой. Проблема неде?

- Егер мұның барлығы жоқ болған болса, нақты нәтиже де жоқ, онда жемқорлық үлкен масштабқа ие болып, табиғи, халықтық ресурстар азайып, олардың ірі шенеуніктердің меншігіне өтіп кету мүмкіндігі өте жоғары болады.
Ал енді мұнай долларының қандай да бір бөлігі Ұлттық қорға түссе, бірақ ол жақтан дағдарыстан дағдарысқа өткен сайын ол қаржы мембюджеттегі, банктердегі, валютаның, экономиканың әлсіреуін болдырмау үшін қарқынды түрде жұмсалса, онда табиғи байлықты қолданудың мұндай жүйесін тиімсіз деп бағалауға болады.

-Бұл көңілге оптимизм орнықтырмайды. Бірақ тақырыпты кеңінен кеулей берсек, онда көрсеткіш ретінде ЖІӨ-нің қандай кемістіктерін айтуға болады?

- Ол халықтың әл-ауқатын бағалаумен байланысты. Сөйтіп, ол индикатор біз денсаулық сақтауға, білім, ғылымға және т.б. қанша жарататынымызды өлшейді, бірақ ол шығындардың нәтижелерін, яғни медицина, білім, ғылым сапасы қаншалықты жақсарғанын ЖІӨ индикаторы нашар көрсетеді. Нәтижесінде біз келесідей көрініске тап болуымыз мүмкін – ЖІӨ өсу қарқыны жаман емес болғанда және орасан зор мемлекеттік қаражатты денсаулық сақтау, білім мен ғылымға бағыттаған кезде ол салада жақсару мүлдем болмауы мүмкін, немесе тым әлсіз болып, мемлекет шығынмен өлшемдес болмауы мүмкін. Немесе, мысалы, одан да ауқымды – экономика жағдайын қарастырып көрейікші. Егер тіпті ЖІӨ жақсы өсу қарқынын көрсетсе, және құнды шикізат сату есебінен де болса, бірақ экономикадағы өмір үшін қажет құрылымдық өзгерістер мүлдем болмауы мүмкін, және ол тоқырауды ЖІӨ индикаторы мүлдем көрсетпейді.

- Бірақ билік өзінің ең басты жетістігі ретінде жан басына шаққандағы ЖІӨ өсуін келтіреді ғой. Ол қаншалықты халықтың әл-ауқатының жақсарғанын көрсете алады?

- Ол да арнайы стандартты көрсеткіштердің бірі. Егер тіпті, үкімет мәліметтерінше, жан басына шаққандағы ЖІӨ артып отырса, онда қоғамда шын мәнісінде өздерінің материалдық жағдайының нашарлауын сезінетіндер саны артуы әбден мүмкін.
Бұл әдетте теңсіздігі кеулеп кеткен экономикаларда орын алады, сондықтан «бәліштің» жалпы мөлшерінің ұлғаюы, біздің жағдайымызда ЖІӨ, адамдардың барлығы немесе көбі айтарлықтай үлес алады дегенді білдірмейді.
Мысалы, үш адам экономиканың 30%-ын бақылап тұратын және ЖІӨ өсуінің үштен бірін беретін болса, шын мәнісінде осы үшеу экономиканың үштен бірін иеленіп отырғанымен өсімнің барлық үлесін өз қалтасына алады... Ал абстрактылық көрсеткіш – жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша, олардың барлығы бәріне бөлінеді де көпшіліктің әл-ауқатының жақсарғанын көрсететіндей болады. Бірақ ол, әрине жаңылысушылық.
Осы көрсеткішке қатысты үкіметтің жұмысының тиімділігін айқындайтын басқа да әдіс бар. Мысалы, жан басына шаққандағы ЖІӨ нақты көрсеткішінен табиғи рентаны алып тастасақ, яғни, мұнай мен басқа да шикізатты сатудан түсетіндерді, онда осы көрсеткіштің «тазартылған» түрінде қандай екені көрінеді. Бірақ, үкімет оған бармайтындығы, көпшілікке өз жұмысының ондай «тазартылған» «табыс» көрсеткішін көрсетпейтіндігі түсінікті де.

- Халықтың әл-ауқатының жақсарғаны туралы айтатын болсақ, өмірдің жақсарғанын нақты көрсетуі үшін ЖІӨ индикаторы қандай болуы керек?


- ЖІӨ шынымен де халық өмірінің жақсарғанын көрсетуі үшін онда қоғамдағы теңсіздіктерді белсенді түрде тегістеп тұратын құрамаларының үлесі үлкен болуы керек. Егжей-тегжейлі айтып жатпастан ЖІӨ-нің ондай компаненттерінің бірі оны қалыптастыратындардың ішіндегі шағын және орта бизнес (ШОБ) үлесі болып табылатынын айтсақ жеткілікті. Егер ол 50%-ден 80% аралығында болатын болса, ол дегеніңіз жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші халықтың әл-ауқатының жақсарғанына байланысты жағдайды көрсетуге жақындығын білдіреді. Мысалы, Италияда ЖІӨ-нің 90%-ын адам саны 100-ден аспайтын кәсіпорындар береді.
Одан басқа, әр капиталистік экономикада әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бар болуы керек, мысалы, Еуропада ол ЖІӨ-нің 50%-ын пайдаланады, ол әділ түрде қоғамда бөлініп беріледі. Тағы бір маңызды мәселе. Жалпы ішкі өнімдегі ШОБ-тың үлесінің жоғарылығы кемелденген азаматтық қоғам негізі болып табылатын орта буын жұмысшыларының –қалыптасқандығының сенімді көрсеткіші. Онда елдің саяси тіршілігіне қатысуға деген сұраныс әр кез жоғары болады.

- Сіздің айтқандарыңыздан шығатын болсақ, азаматтардың әл-ауқат деңгейінің көтерілуінде ШОБ негізгі рөль атқарады ма?

- Иә, сөзсіз. Сондықтан да әр елдің үкіметтері өз халқының әл-ауқатының үнемі жақсаруын бірінші міндет деп санайды, ШОБ дамытудың әр түрлі тиімді жүйелерін енгізеді. Мысалы, Жапонияда шағын және орта бизнесті дамыту тұжырымдамасының негізі оларды экономиканы дамыту локомотивтеріне тіркеп қою болып табылады. Мысалы, Toyota корпорациясының айналасында оған қажет әр түрлі бөлшектерді жасаумен айналысатын ондаған мың ШОБ кәсіпорындары бар. Әрине, ірі бизнеспен байланысты кәсіпкерлікті жемісті дамыту негізіне жапондық үкімет мұқият дайындалған заң платформасын әкелді.
Оның үстіне дамыған деген елдерде ШОБ-қа сараланған қолайлы жағдай бере отырып, олар ең алдымен кәсіпорындарды айналымы бойынша, негізгі қаражатының құны бойынша, саны бойынша, өнім шығару және қызмет көлемі бойынша жүйелейді. Оның барлығы мемлекеттік жеңілдіктер дәл және нәтижелі сипатта болуы үшін – ШОБ көлемін көтеру және әсіресе, қосымша құн жасау саласында жұмыс істейтіндерге жасалады.
Мысалы, Ұлыбританияда шағын және орта бизнестің салық салынатын кірістерінен ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға – ҚазТАГ) кететін шығындар 100%-ға дейін алынып тасталады. Бірақ, екінші жағынан, ондай жүйелеу мақсаты - көптеген миллиондаған айналым қаражаты бар компанияларға сақтандыру, консальтингтік, кредиттік, салық, кеден және басқа да мемлекеттік жеңілдіктер алуына тосқауыл қоюда. Сонымен қатар, ЖІӨ құруда ШОБ алатын үлесі аз жерде үкімет пен Ұлттық банктің экономиканы жетілдіру бойынша бағдарламалық шаралары нәтижелі болады деп күтудің реті шамалы.

- Ал Сіздің бағалауыңызша, Қазақстандағы ШОБ дамуы қандай?

- Бізде тәуелсіздік алғалы ЖІӨ қалыптастыруда ШОБ-тың алатын үлесі 20%-дан сәл асады. Бұл мәселеде шамшыл міндеттер алға қойылғанымен, үкімет соңғы 25 жылда осы сектордың дамуына жылына 1% шамасында ғана қарқын бере алды. Әрине, ол тым аз. Оның үстіне оның құрылымы шикізаттық емес экономика күйінің айна-қатесіз кейпі: онда сауда-делдалдық бизнес, ел ішінде өндіру үшін салықтық және кедендік, сақтандыру, сараланған жеңілдетілген кредиттік жағдай болмауы себепті бөгде елдердің тауарларын сатып алу - сату басым.

- Шенеуніктерден көп еститініміз – олар тынбай ШОБ-ты дамытумен айналысып жатуда, әсіресе «Даму» қоры мен оның бағдарламалары арқылы. Олар қаншалықты тиімді?

- Бүгінге үкіметте, әрине, ШОБ дамытудың импортты алмастыратын, ішкі нарықты өздері өндірген тауарлармен қанықтыратын, төлем балансы мен теңгені нығайтатындай қосымша құн жасайтын экономиканың едәуір күшіне айналдыратындай нақты бағдарламасы жоқ. Үкіметте ШОБ-тың өзекті проблемаларымен айналысатын, және оның дамуына жауапты мамандандырылған орган да жоқ, сондықтан алдағы 5-7 жылда осы сектордың жақсы, сапалы даму қарқыны бола қалады деп күтудің реті жоқ.

- Біз әңгімені неден бастаған болсақ, соған оралайықшы, дәлірек айтсам – қазіргі эконоимкалық ахуал мен оны 2008-2009 жылдарғы дағдарыспен салыстыруға оралайықшы. Қазіргі дағдарысты оның алдыңғысымен салыстыру қаншалықты дұрыс болар екен?

- Алдымен ол дағдарыс қайдан келіп отырғанын айқындайықшы. Біздің экономикамыз үшін алғашқы алаңдарлық қоңырау сонау 2008-2009 жылдары соғылған. Сарапшылардың бағалауынша ЖІӨ-нің 15%-ын құраған сол жылдарғы антидағдарыстық шығындар ең басты нәтижені бермепті. Олар егер мұнай бағасы тағы да арзандап және төмен баға ұзақ уақыт сақталатын болса, экономиканы қайта құрылымдаудың, оны қорғау үшін сапа жасаудың негізін қалай алмады. Бұл сол кездегі антидағдарыстық шаралардың үлкен кемістігі.
Екіншіден – ол антидағдарыстық мемлекеттік шығындар экономиканың орнықты сапасын құра алатын жеке инвестицияларға деген сұраныстың артуын тудыра алмады. Өздеріңіз білетіндей, үкімет пен Ұлттық банк орасан зор қаражатты ірі және проблемалы банктерді қолдауға жіберді.
Үшіншіден – үкіметте антидағдарыстық шығындар бойынша жариялы есеп берудің ешқандай ережесі жоқ: шығындардың жалпы сомасы бойынша, құрылымы, қойылған міндеттері, қол жеткізілген жетпеген мақсаттар туралы, оның себептері туралы және т.б. Сондықтан бүгіндері банктерде, мембюджетте, экономикадағы жинақталған проблемалар, теңгенің күрт секіруі сол кездегі антидағдарыстық шаралардың кемшіліктерінен қордаланған.
Бұл дағдарыс қазақстандық экономика үшін оның бар тарихындағы ең ұзақ және қауіптісі болады. Ол елді экономикалық грогги (ағылшынша «орнықсыз» - ҚазТАГ) жағдайына киліктіріп және Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның қорларынан үлкен шығындар тудырады. Бұл онсыз да орасан сыртқы қарыздарды арттырып, халықаралық қаржылық институттардан қарыз алу қажеттігі туындауы ықтимал.

- Бүгінгі дағдарыс тұрғысынан Сізге Қазақстан экономикасының келешегі қалай елестейді?

- Енді экономиканың келешегін мұнай бағасының қымбатшылығымен байланыстыру қиын. Бірақ мұнай бағасы барреліне $15-25 болатын болса, Қазақстан экономикасының келешегі бұлыңғыр.
Мұнай бағасы шарықтап тұрған осы ұзақ жылдардың бәрінде үкімет пен Ұлттық банк шикізаттық және шикізаттық емес экономикалардың арасында институционалдық байланыс жасай алмады... Нарықтық институттардың рөлінің төмендігімен бірге осындай байланыстың жоқтығы экономиканың шикізаттық емес бөлігін нәтижелі даму жолынан тайдырып жіберді.
Кішкене ғана және табиғи ресурстары тапшы Сингапурдың не жасағанын қараңызшы! Тасымалданған мұнайда, жеткізілетін суда және жерде жасанды түрде үлкейтілген Джуронг аралында мықты заманауи химиялық кластер жасай алды, оған шамамен $10 млрд инвестиция жұмсады.
Қазір осыдан Сингапур қандай пайда көріп отыр? Ол тек $80 млрд. астам сомаға экспорттық мұнай химия өнімін өндіріп отыр. Бұл ел мұнай өңдейтін әлемдік орталықтың үштігіне кірді. Мұнай өнімдерінің экспорты жыл сайын ондаған пайызға өсуде.
Салыстыру үшін: тек 2014-2015 жылдары (Қазақстан ҚазТАГ) үкіметі мен Ұлттық банк теңге бағамын уақытша ұстап тұру үшін Ұлттық қордан $28 млрд жұмсады. Бұл ретте, Сингапурдан ерекшелігі, Қазақстанның барлық жылдық кірісі (негізінен шикізатты сатудан) «бұлтты жылдары» $82 млрд. сәл ғана көп болды.
Және тағы қызық дерек. Осы сингапурлық химиялық кластерді жасауға қатысқан және қазір сол жерде табысты жұмыс жасап жатқан жекелеген ірі әлемдік компаниялар қазақстандық мұнай нарығында да жұмыс жасап жатыр
Немесе Жапонияға, Оңтүстік Кореяға қараңыз табиғи ресурстары тапшы елдер. Олар шикізаттық және дамушы мемлекеттерді жүздеген жылға кейін қалдырып, экономика мен халықтың тұрмыс деңгейін дамытуда зор табыстарға қол жеткізді. Бұл елдер үшін басты байлық адами капитал.

- Осындай күрделі жағдайдан шығу үшін және заманауи экономиканы қалыптастыру жолына шығу үшін мемлекет не жасауы керек?

- Үкіметке секілді, Ұлттық банкке де жаңа адамдар керек, және ең алдымен барлық өзара байланысты элементтері бар ықпалды макроқаржылық құрылымды қалыптастыра алатын жоғары деңгейлі макроэкономистер. Қарсы қимыл жасау үшін ықпалды макроэкономикалық саясат керек. Заманауи тұрақты экономика қалыптастыруға қабілетті және оны түсінетін кадрлар керек. Басқаша болған жағдайда мемлекеттің қалған қоры жұмсалады, ал мұнай бағасын кезекті көтеру түріндегі сыртқы көмексіз экономикадағы жағдай күрделене түседі.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage