«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жосықсыз бәсекеге түскені анықталды

Күні: 18:05, 22-10-2021.

    Ақтөбе. 22 қазан. ҚазТАГ - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жосықсыз бәсекелестікке түскені анықталды, деп хабарлады Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
   "Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы Департаментке өтініш келіп түсті, онда "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ құбырларды сатып алу кезінде өзінің конкурстық құжаттамасында құбыр өнімдерін нақты жеткізушіден сатып алуды көздейтін техникалық шектеулерді көрсетеді, сол арқылы адал бәсекелестік қағидаттарын бұзады және жеткізушілердің кең тобының конкурсқа қатысуға қолжетімділігін шектейді", - делінген жұма күнгі хабарламада.
  АЗРК нақтылағандай, "өтінішті зерттеу және онымен жұмыс істеу барысында монополияға қарсы департамент баяндалған мәліметтердің дұрыстығын анықтады".
  "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ құбырларын сатып алу ерекшелігінде көрсетілген құбыр өнімдерінің техникалық сипаттамалары тендерге CNPC тобына кіретін бір ғана компанияның қатысуына мүмкіндік берді. Осылайша, адал бәсекелестік қағидаттары бұзылып, өнім берушілердің кең ауқымының конкурсқа қатысуға қолжетімділігі шектелді. Жосықсыз бәсекенің анықталған белгілері негізінде Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ атына хабарлама шығарды", - делінген хабарламада.
  "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдірді, "алайда өтінішті орындау үшін қосымша уақыт талап етілмегендіктен өтінішхаттан бас тартылды".
  "Нәтижесінде монополияға қарсы органның хабарламасы толық көлемде орындалды, оның ішінде құбырларды сатып алуға тендердің күші жойылды", - деп БҚДА-де қорытындылады.


Жаңалықтармен бөлісу: