Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Бұл ретте 2018 жылғы соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,9%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2017 жылғы қазаннан бастап 2018 жылғы қыркүйекке дейінгі аралық) зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,1% мөлшеріндегі инфляция кезінде 9,0%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,9%-ды құрады. Шетел валютасында номинирленген – 2 752,0 млрд теңгені құрады», - деп хабарлады сейсенбідегі ҚР ҰБ хабарында.
Қаржылық реттеушінің ақпарынша, 2018 жылғы қыркүйекте теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,4 млрд теңгені құрады(ақша нарығы құралдарына жасалған инвестицияларды есепке аламағанда1 ), оның ішінде: жылдық 8,5%-дық орташа кірістілігі бар 26 млрд теңге сомада ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ сатып алынды; экономиканы қолдау үшін ҚР екінші деңгейдегі банктерін 200 млрд теңге сомада қаржыландыру жөнінде жарияланған бағдарлама шеңберінде жылдық 12,0%-дық кірістілігі бар 29,4 млрд теңге жалпы сомада екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды.
2018 жылғы қыркүйекте бағалы қағаздар эмиссиясы проспектілерінде орнатылған мерзімдерге сәйкес «AMF Group» АҚ 0,7 млрд теңге сомаға облигациялар бойынша негізгі борышты өтеді. Қаралып отырған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің бастамасы бойынша банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес 9,9 млрд теңге жалпы сомаға депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеді.
2018 жылғы қыркүйекте шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 94,6 млрд теңге болды, оның ішінде: орташа алынған кірістілігі жылдық 2,3%-бен 78,7 млрд теңге сомаға АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; орташа алынған кірістілігі жылдық 4,3%-бен 7,2 млрд теңге сомаға АҚШ долларында номинирленген Мексиканың ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары; орташа алынған кірістілігі жылдық 4,2%-бен 8,7 млрд теңге жалпы сомаға АҚШ долларында номинирленген Қытайдың квазимемлекеттік секторының шетелдік эмитенттерінің облигациялары.
Дамушы елдер эмитенттерінің бағалы қағаздарына салынған инвестициялар шеңберінде инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингтерге сәйкес келетін «А+» деңгейіндегі ең төменгі кредиттік рейтингі бар Қытайдың квазимемлекеттік секторының 2 эмитентінің еурооблигациялары сатып алынды. Аталған бағалы қағаздардың эмитенттерін 100% мемлекет бақылайды.
2018 жылғы қыркүйекте белгіленген мерзімдерге сәйкес АҚ Үкіметінің МБҚ бойынша 69,1 млрд теңге сомаға негізгі борыш өтелді, сондай-ақ 24,3 млрд теңге сомасына АҚШ Үкіметінің МБҚ сату жүзеге асырылды. Есепті кезеңде 1,0 млрд теңге сомаға AKBANK TAS еурооблигациялары сатылды.
2018 жылғы 8 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 663,1 млрд теңгені құрады.
Соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кіріс 2,9% құрады – Ұлттық банк
