Соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,7%-ды құрады

Күні: 15:17, 27-12-2018.

Алматы. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Соңғы 12 айда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,7%-ды құрады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінен.
«Соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,7%-ды құрады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қаржылай реттеушінің ақпарынша, 2018 жылғы 11 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 800,19 млрд теңгені құрады.
«Бұл ретте 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы қарашаға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,3% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,0%-ды құрайды», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: