Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ - Соңғы айлардағы жағдайлар Қазақстандағы озбырлықтың күшеюін білдіреді – «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Көптеген жылдар бойы Қазақстанда сөз бостандығына үнемі кедергі жасалып келеді. Олар әдетте халықаралық қағидаға сәйкес келмейтін ұлттық заңнама нормаларымен ақталып алынады. Алайда соңғы айлардағы жағдайлар озбырлықтың күшейіп бара жатқанын білдіреді, оның мақсаты еркін диалогтық алаңды құрту, журналистер мен азаматтық белсенділерді қорқыту», -делінген «Әділ сөз» қорының журналистерге қатысты озбырлықтың күшеюіне жол бермеу туралы мәлімдемесінде.
Қорда еске салғандай, 2019 жылдың наурызынан бастап рұқсат етілмеген митинг туралы хабар таратпақ болған 30 шақты журналист ұсталған.
«Әр қарсылық акциясында, 22 наурызда, 9 маусымда, 6 шілдеде тіпті оқиға орнына жақындамаса да «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяровты ұстады. «Азаттық Радиосының» репортері Сәния Тойкен де бірнеше мәрте ұсталды, 9 маусымда оны екі рет ұстады. Полиция бөлімшелері басшыларының кім екендерін анықтағаннан кейін журналистерді кешірім сұрап босатқандары туралы түсініктемелері 2-3 сағатқа ұстаудың өзі БАҚ қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтірілгенін теріске шығармайды», - делінген мәлімдемеде.
«Әділ сөзде» топшылағандай, «елде және шетелде үлкен резонанс тудырған қамауға алулардың орнына билік журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірудің жаңа тәсілдерін іздеп табуда».
«Билікке ұнамайтын тақырыптар туралы хабар тарататын репортерлерге кедергі келтіру үшін кейбір қылмыстық ноу-хаулар байқалуда. 22 наурызда «Азаттық Радиосы» мен «Настоящее время» арнасының тілшісі Светлана Глушкова рұқсат етілмеген митингтен репортаж жүргізіп жатып, полицейге оның жұмыс жасауына кедергі келтіріліп жатқанын, итеріп, камерасын жауып тастағаны айтып шағымданған. Нәтижесінде оның өзіне соққы жасады деген айып тағылды», - деді қордан.
«Әділ сөз»-де атап өткендей, «ірі денелі белгісіз жастардың рұқсат етілмеген митингтер кезінде қолшатырлармен журналистердің видео-фото камераларының объективтерін жапқанда да олар жазасыз қалған еді».
«6 шілдеде оларға бұрыш бүріккіштері қосылды, оны бетперде кигендер «Азаттық Радиосы» мен ҚазТАГ журналистерінің бетіне шашқан еді. Қылмыстық кедергілердің шарықтау шегі 22 шілдедегі «Мемлекет аналармен және балалармен күресуде» баспасөз мәслихатының өтпей қалуы, журналистерге тиісу, Алматыда Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро баспасөз орталығында мүліктің сынуы мен ұрлануы болды. Шұғыл түрде хабарланғандай, баспасөз орталығының ғимаратына ірі денелі әйелдер тобы келген. Ер адамдардың азғыруға ермей, күшке күшпен жауап бермеуін пайдаланған нәзік жандылар баспасөз мәслихатын ұйымдастырушыларына тиіскен, «КазТАГ» ХАА қызметкерлерінің құралдарын, «Алматы» телеарнасы мен «Азаттық радиосы» журналистерінің камераларын толығымен сындырған», - деп хабарлады қордан.
Ары қарай, «Әділ сөз» еске салғандай, «журналистердің сауалына Алматы полициясы ұйымдастырушылар мен БАҚ-тың бес өкілінің шағымы, сондай-ақ шара ұйымдастырушылары мен журналистер тарапынан соққы алғандарын мәлімдеген үш азаматтың («ер мінезді» әйелдер болуы мүмкін) шағымы бойныша «өзінше билік ету» бабымен іс қозғалғанын айтты.
Қорда болжағандай, «бұрынғы жылдардағы күйінішті тәжірибе жағдайдың келесідей сценариймен өрбуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды: екі тарап та кінәлі (болмаса біреуі ғана – журналистер, құқыққорғаушылар, адвокаттар), олардың әрқайсысына 2-5 АЕК көлемінде айыппұл салынады».
«2016 жылы бір азаматшаның шағымы бойынша Ұлттық баспасөз клубының екі қабаты сүріліп, баспасөз орталығы жойылды. Ендігі кезек Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро баспасөз орталығы – қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелер бойынша еркін пікір алмасуға арналған жалғыз тәуелсіз алаңдікі ме? Былыққан жүгенсіздік (айтпақшы – соңғы айдағы алғашқысы емес), – «журналист қауіпсіздігін толық қамтуға дейін» оны жабуға ары қарай өкім үшін ресми негіз емей немене?» - делінген мәлімдемеде.
Қорда сондай-ақ, «қоғамда сөз бостандығына жасалған қылмыстық шабуылдарды биліктің өзі жасап отыр деген пікір қалыптаспас үшін» билік жасауы тиіс ары қарайғы әрекеттермен бөлісті.
«Әділ сөз» халықаралық сөз бстандығын қорғау қоры сөз бостандығына жасалған қылмыстық шабуылдарды билік жасап отыр деген пікір қалыптаспас үшін билік ҚР ҚК 158 бабы (журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғауы керек, Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро баспасөз орталығында ойран салғандардың кім екенін анықтау; кінәлілерді жария түрде соттау және заң бойынша қатаң жазалауы керек», - делінген хабарда.
Соңғы айлардағы жағдайлар Қазақстандағы озбырлықтың күшеюін білдіреді – «Әділ сөз»
