Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Соңғы бес жылда өсімдік майларының экспорты үш еседен астам артқан, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.
«Қазақстан соңғы бес жылда майлы дақылдар экспортының көлемін 1,8 есе арттырды, ал өсімдік майларының экспорты 3,3 есе артты», - деді Омаров сейсенбі күні Нұр-Сұлтандағы KazOil2019 III халықаралық конференциясы барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанның аталмыш саласы қарқынды дамып келеді.
«Қазақстан 2018-2019 маркетингтік жыл қорытындысы бойынша әлемдік майлы дақылдар өндіруші елдер рейтингінде ондыққа кіреді, бұл ретте зығыр өндіру бойынша бірінші орында, шемішкі бойынша сегізінші, және рапс бойынша 10-орында тұр», - деді Омаров.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51