Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Алена Субботина. Соңғы күндері 40 мың ресейлік Қазақстаннан транзитпен өткен, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
«Транзитке қатысты, қыркүйек айының соңғы күндері 40 мыңнан астам Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан арқылы өткен. Мыңдағаны Қазақстан арқылы оңтүстік көршілеріміз – Қырғызстан мен Өзбекстанға өткен. Бес күнде алты мыңдай ресейлік Қазақстаннан біздің әуежайларымыз арқылы ұшып кеткен. Қазақстанның Ресей Федарациясы азаматтарына арналған транзиттік әлеуеті туралы да ұмытпағанымыз жөн», – деді Аслан Аталықов дүйсенбідегі ІІМ брифингінде.
Ол еске салғандай, Қазақстанның Ресеймен құрлық бетіндегі шекарасының қашықтығы 7 591 км. құрайды. Бұл әлемдегі ең ұзын құрлық бетіндегі шекара. Сондықтан көші-қон ағынының көп болуы да көрші болуымызбен байланысты болып отыр.
«Жаңалықтардан көріп отырғанымыздай, сұраныстың артуынан Ресей әуежайларында авиабилеттердің тапшылығы туындап отыр. Және ресейліктердің біздің әуе кемелерімізді қолдана алуы да көші-қон ағынының артуының бір себебіне айналуда», – деді ҚР ІІМ төрағасы.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34