Соңғы жылдары Қазақстан ЖІӨ-сіндегі шағын және орта бизнес үлесі 17-18% деңгейінде сақталуда

Күні: 12:36, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Соңғы жылдары Қазақстан ЖІӨ-сіндегі шағын және орта бизнес (ШОБ) үлесі 17-18% деңгейінде сақталуда, деп мәлім етті ҚР кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасын алаңдатарлық мәселелер бар. Ол, өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесінің айтарлықтай өзгермей отырғаны. Ол соңғы жылдары 17-18% деңгейінде сақталуда», - деді Н. Әлтаев дүйсенбі күнгі брифингте.
Оның айтуынша, ол «ШОБ дамымай отырғанын көрсетпейді, ол - елеулі қарқынмен дамуда», - бірақ, ірі бизнес даму қарқыны одан да жоғары.
Н. Әлтаев ШОБ белсенділігін арттыра түсу үшін барлық аудан орталықтары мен ауылдарда кәсіпкерлер, бизнес мектептерін ашу керек дейді.


Жаңалықтармен бөлісу: