Солтүстік Қазақстан облысынан Amanat партиясы филиалының басшысы сенатор болып сайланды

   Петропавл.2 маусым.ҚазТАГ- Әсел Рахметова Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатқа депутат болып сайланды,деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша Рахметоваға 134 сайлаушы дауыс берген. Ал екінші кандитат Рауза Қасенова 39 дауыс жинапты.
Тағы 6 сайлаушы екі кандидатқа да қарсы дауыс берсе, бір адам дауыс бермеген.
   Әсел Рахметова 2022 жылдың желтоқсанынан бастап СҚО бойынша Amanat партиясы филиалын басқарып келген.

adimage