Солтүстік Қазақстан облысында облыстық ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы пара алып, қолға түсіп, айыппұлмен құтылып кетті

Астана 26 қыркүйек. ҚазТАГ - «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі» КММ-нің бұрынғы басшысы К. Уайысов пара алып, айыппұлмен құтылып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«25 қыркүйекте Петропавл қалалық соты Уайысовты пара алды деп айыптап, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқарудағы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, Т3 миллион айыппұл салды», - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бейсенбіде таратқан хабарда.
Іс материалдарына сәйкес, Уайысов азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны, сондай-ақ аудан аумағында тиісті ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз ірі қара малды тасымалдауда (жылжытқанда) жалпы қорғауды қамтамасыз еткені үшін Т100 мың мөлшерінде пара алған.  

adimage