Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымы әдеттегіден ертерек басталады

Күні: 10:17, 28-08-2019.

Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында жылу беру маусымы әдеттегіден ертерек басталады, деп хабарлайды «Петропавловск.News»
«Қазақстанның солтүстігінде жылу беру маусымы әдеттегіден ертерек басталады», - делінген хабарламада.
Алдағы жылу маусымына дайындық мәселесі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында талқыланды.
«Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері барлық жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін аяқтауы керек. Соңғы үш жылда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жылыту маусымы 23 қыркүйектен басталды», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Әділбек Әубәкіров.
Энергетиктер қосылыста еш кедергі болмайды деп сендірді, жұмыс жоспар бойынша қалыпты режимде жүргізілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: