Солтүстік Қазақстан облысының көлдерінің бірінде пестицидтермен улану салдарынан балықтардың жаппай қырылуы тіркелді

Петропавл. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің бірінде пестицидтен улану салдарынан балықтардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданындағы Тулумбай көлінде пестицидпен улану салдарынан 185 кг балық қырылды, талдаулар нәтижесінде пестицидтер мен тұз элементтерінің судағы мөлшері екі есеге артқаны анықталды. Көлге химиялық заттардың қалай түскенін құқық қорғау органдары анықтайды. Қазір материалдар экологиялық прокуратураға жолданды, онда экологиялық заңдардың бұзылуын анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады», - деді жұма күні СҚО орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Ильдар Какимов.
Ведомствоның хабарлауынша, Тулумбай көлі - жергілікті маңызы бар резервуар. Негізінен, көлде тұқы балық кездеседі.
«Экология, ветеринарлық қызмет және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін, сапасын бақылау департаментінің қызметкерлері зертханалық зерттеулер мен санитарлық-химиялық талдаулар жүргізу үшін су мен өлі балықтың сынамаларын алды», - делінген инспекцияда.

adimage