Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі

Күні: 16:08, 13-11-2019.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 13, тәулік бойы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 14 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі. Петропавл қ: күндіз 13, тәулік бойы 14 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. 14 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі. Қостанай қ: түнде және тәңертең 14 қарашада жаяу бұрқасын, күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: