Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі күнге дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«30 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 29-30 тамыз күндері кей жерлерде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ болады. 29 тамызда жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан түнде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 м/с, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 30 тамызда оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді», - делінген сәрсенбідегі дауыл туралы ескертуде.
Петропавлда, 29 тамызда, 30 тамызда күн күркіреп, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 29 тамызда күндіз жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20, екпіні секундына 25 метрге жетеді. 30 тамызда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.
«Дауылдың ықтималдығы 90-95%», - дейді синоптиктер.
Солтүстік Қазақстанда алдағы екі күнге дауылды ескерту жарияланды
