Солтүстік Каспий операциялық компаниясы теңіз бен құрлықтағы жұмыстарын 45 күнге тоқтатады

Күні: 18:36, 09-04-2019.

Атырау. 9 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (NCOC) теңіз бен құрлықтағы жұмыстарын 45 күнге тоқтатады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2019 жылғы сәуір айының ортасында NCOC «Болашақ» зауыты мен D аралында күрделі жөндеу жұмыстарына кіріседі. Жоспарлы ұзақтығы – 45 күн. Техникалық тексеріс жүргізу және құралдарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін біздің операцияларымыз толығымен тоқтайды деп айтылуда», -деді сейсенбіде NCOC баспасөз қызметінен.
Толық ақпаратты компания «Мұнай және газ» көрмесі барысында 10 сәуірде ұсынбақ, сол жерде NCOC даму бағдарламасының таныстырылымы болады.
«Өндіріс жанданғаннан кейін алғаш рет біз NCOC шамамен 5 мың қызметкерінің және өндірістік учаскелерде жұмылдырылған біздің әріптес-мердігерлеріміздің қатысуымен кең көлемді операцияларды жүзеге асыратын боламыз», - деді баспасөз қызметінен.
NCOC консорциумына жеті ірі энергетикалық компания кіреді:«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК» АҚ, Eni, Royal Dutch Shell, ExxonMobil, Total, China National Petroleum Corporation (CNPC) және жапондық Inpex.


Жаңалықтармен бөлісу: