Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Сот Алматы қалалық №4 ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевты екі ай қамауға алуға санкция берді, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
«22 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының үкімімен ҚР ҚК 317 бабы 3 бөлімінде (медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының абайсыда адам өліміне әкеліп соғуы) қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен Қанат Тезекбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтарпас шарасына санкция берді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, қамауда ұстау мерзімі 20 қыркүйектен бастап есептеледі.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінде еске салғандай, 2 қыркүйекте тағы бір дәрігер өз міндеттерін тиісінше орындамаған деген күдікпен қамауға алынған еді.
«2 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының үкімімен ҚР ҚК 317 бабы 3 бөлмінде қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен Асқар Тұңғышбаевқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтарпас шарасы қолданылған еді», - делінген хабарда.
Тұңғышбаевты қамауда ұстау мерзімі 31 тамыздан бастап есептеледі.
Сот Алматы қалалық ауруханасының бас дәрігерін екі ай қамауға алуға санкция берді
