Сот қазақ тазысының патентін жарамсыз деп таныды

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Сот Қазақстан кинологтер одағы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігінің патентін жарамсыз деп таныды, деп хабарлады Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметінен.

«Сот шешімімен патентті жарамсыз деп тану туралы талап қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан кинологтер одағы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігінің патентін жарамсыз деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгінген.

Ақпар бойынша, 2024 жылы 30 желтоқсанда Qazpatent ұлттық зияткерлік меншік институты «Қансонар» бірлестігіне «Қазақтың тазы ит тұқымы» селекциялық жетістігіне патент берген.

Алайда, сот барысында патент берудің маңызды шарттарын бұзу фактілері анықталды.
Сот анықтағандай, 2023 жылы кинологтер одағының өтініші негізінде жүргізілген зерттеудің (соның ішінде медициналық, генетикалық) нәтижелері бойынша FCI халықаралық кинологиялық федерация оң қорытынды шығарып, оның негізінде FCI-дің бас комитеті «Қазақтың тазы тұқымын» тану туралы шешім қабылдап, Қазақстан Республикасын оның шыққан елі ретінде ресми түрде бекіткен.

Осылайша, «Қазақ тазысы» жаңа тұқым емес деп танылды.

adimage