Сот Оспановтың қорғау жағының қаржы полициясы дәйектерін жол бергісіз деп тану туралы өтінішін кері қайтарды

Күні: 18:19, 18-11-2014.

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Ербол Рақымбеков табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановтың адвокаттарының қаржы полициясы дәйектерін жол бергісіз деп тану туралы өтінішін кері қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Сот қаулы етті: сотталушы Оспанов қорғаушыларының материалдарды дәйектеме ретінде тану жол бергісіздігі туралы өтініші кері қайтарылсын», - деді Е. Рақымбеков сейсенбі күнгі сот отырысында.
«Оспанов пен Жусабеков арасындағы әңгімелер стенграммасы туралы өтініш ашық күйінде қалып отыр», - деп толықтырды ол.
Отырыста судья куәгер, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың, жауап хаттамасын оқып берді, ал кейін кезекті куәгерлердің жауап беруін дүйсенбіге қалдырды.
Бұған дейін Е. Рақымбековтың сотталушыны фотоға, видеоға түсіруге тыйым салғаны хабарланған. Одан бөлек, ол БАҚ-тардан бір жариялым шығарған кезде үкім жарияланғанға дейін куәгерлердің түсініктемелеріне сілтеме жасамауды сұрады.
Еске сала кетейік, М. оспановтың ісі бойынша сот 2014 жылдың 11 қарашасында басталған. Оны ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бап 5 бөлім (аса ірі көлемде пара алу), ал істің екінші фигурантын Арман Ақтайды – ҚР ҚК 312 бап 5 бөлім (аса ірі көлемде пара беру) бойынша айыптауда.
Қос сотталушы да өз кінәларын мойындамайды.
Іс материалдарына сәйкес, ТМРА экс-басшысы «Атырау Жарық» АҚ-нан жәрдемдесушілік және жанашырлық танытқаны үшін $300 мың сомасында пара алған.
2014 жылдың 1 шілдесі күні қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері М. Оспановты қолға түсірді, Астана №2 Алматы аудандық соты ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігің төрағасы М. Оспановтың қамауын 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін санкциялаған еді. 2 шілдеде УҚА-дан қаржы полициясы агенттігінің ғимаратына алып жүру кезінде М. Оспанов автомобиль салонынан сытылп шығып қашу әрекетін жасаған. Қаржы полицейлері оны көліктен 15 метрдей жерден ұстады. Ол қарсылық танытып, қанталау мен жара түріндегі дене жарақаттарын алды.
М. Оспанов ТМРА 2012 жылы басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: