Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 18 жасар Дарья Махартованың өліміне кінәлі деп танылған Руслан Ажанов пен Анатолий Шевченкоға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады «Алау».
«Руслан Ажанов 23 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі жоғары абақтыда өтейді. Анатолий Шевченко 25 жылға бас бостандығынан айырылды, ол да жазасын қауіпсіздігі жоғары абақтыда өтейтін болады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, жоғалып кеткен Д.Махартованың денесі 21 шілдеде орман шетінде табылған. Оның өліміне күдікті екі адам қамауға алынды. Сонымен қатар қылмыстың алдын алмаған екі полицей де сот алдында жауап берді. 2018 жылдың қазанында оларды 1,5 жылға бас бостандықтарынан айырды, олар жазасын қауіпсіздігі жоғары абақтыда өтеп жатыр.
Сот Қостанайдағы қыздың өлімі туралы резонанстық іс бойынша үкім шығарды
